Университетіміздің 1132 білімгері AI-Sana бағдарламасының 2-кезеңіне жолдама алды!

AI-Sana — бұл жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған заманауи білім беру бағдарламасы. Бағдарлама аясында білімгерлер:
- AI негіздерін меңгереді;
- Практикалық тапсырмалар арқылы тәжірибе жинайды;
- Нақты жобалармен жұмыс істейді;
- Сыни ойлау және аналитикалық қабілеттерін дамытады.
Бұл — болашақ цифрлық экономикада сұранысқа ие маман болуға жасалған маңызды қадам
Айта кететін болсақ, университет контингентінің 100%-ы 1-кезеңді сәтті аяқтап, жоғары белсенділік пен білімге деген ұмтылысын көрсетті.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және келесі кезеңде сәттілік тілейміз!
Толығырақ: https://aisana.gov.kz/

14 Сәуір 2026
54