COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университетінің студенті Grand Slam жеңімпазы атанды

 

20–22 наурыз күндері Tbilisi Grand Slam халықаралық турнирі Тбилиси қаласында өтті. Әлемнің мықты дзюдошылары қатысқан беделді жарыста қазақстандық спортшы Нұрқанат Серікбаев жоғары деңгейде өнер көрсетіп, 66 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.

 

 

Жарыс барысында ол қарсыластарына қарсы шеберлік пен мықты дайындық көрсетіп, барлық белдесулерде сенімді өнер көрсетті. Финалда да басымдық танытып, турнирдің басты жүлдесін жеңіп алды.

Бұл жеңіс – спортшының табанды еңбегі мен үздіксіз дайындықтың нәтижесі. Нұрқанат Серікбаевты жарқын жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!