Өңірлік Жас ғалымдар клубы референдум мәселелерін талқылады

Шерхан университетінде Өңірлік Жас ғалымдар клубының референдум мәселелеріне арналған отырысы өтті.

Жиын барысында референдумның құқықтық негіздері, оның қоғамдық-саяси маңызы, азаматтардың қатысу белсенділігі және саяси мәдениетті қалыптастырудағы рөлі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ конституциялық өзгерістердің мәні мен олардың ел дамуына ықпалы ғылыми тұрғыда сараланды.

Пікір алмасуға ғылыми-сараптамалық қауымдастық өкілдері, жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы, жас зерттеушілер мен клуб мүшелері қатысты. Қатысушылар тақырып аясында өз көзқарастарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.


27 Ақпан 2026
114