COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Адалдық – табысты қоғамның негізі: «Open talk» ашық алаңы

 

Бүгін Шерхан университеті қабырғасында «Заң мен тәртіп» аясында «Адалдық – табысты қоғамның негізі» тақырыбында «Open talk» ашық алаңы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және қоғамда заң мен тәртіп қағидаларын қалыптастыру.

 

 

Кездесуге спикер ретінде Қадралиев Айбек Амансейтұлы – Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры арнайы қатысып, жастармен адалдық, жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным туралы мазмұнды пікір бөлісті.

 

 

Сонымен қатар жиында академиялық адалдықты сақтау, мансаптағы адалдықтың маңызы, жастардың заң алдындағы жауапкершілігі сынды өзекті мәселелер талқыланды. Студенттер «Мен адал болу үшін не істеймін?» және «Қоғамдағы әділетсіздікке көзқарасым» тақырыптарында ой бөлісіп, белсенділік танытты.

 

 

Еркін микрофон форматында өткен ашық пікір алмасу қатысушыларға өз көзқарастарын ашық жеткізуге мүмкіндік берді.

Адалдық – әрбір саналы жастың өмірлік ұстанымы. Тәртіп пен әділдік үстемдік құрған қоғам ғана болашаққа нық қадам басады.