«Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – ортақ міндет» тақырыбында студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Іс-шара барысында білім алушыларға қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Жиналыс кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары таныстырылып, оқу үдерісі барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау әрбір студенттің міндеті екендігі атап өтілді.
Сонымен қатар, сабақ басталар алдындағы, сабақ барысындағы және сабақ аяқталғаннан кейінгі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
Зертхана мен шеберханада жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс арнайы қауіпсіздік талаптары, қауіпті заттармен және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау тәртібі таныстырылды.

Электр қауіпсіздігі бойынша электр құралдарын пайдалану ережелері және тоқ соғу қаупінің алдын алу шаралары айтылды.
Өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт туындаған жағдайда эвакуациялау тәртібі мен алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану жолдары түсіндірілді.
Сондай-ақ, жазатайым оқиға орын алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі таныстырылды.

17 Ақпан 2026
97