Creative Upgrade: заманауи өнер алаңы – 2026

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Шығармашылық мамандықтар» факультетінде «Заманауи өнердегі жаңашылдық: шеберлік сыныптары негізінде шығармашылық көкжиектерді кеңейту» тақырыбында облыстық Best Practices өтті.

Іс-шараның мақсаты – заманауи өнердегі инновациялық үрдістерді талқылау, үздік тәжірибелерді жинақтау, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық дамуды қолдайтын тәжірибе алмасу алаңын құру.

Бағдарлама 6 бағыт бойынша ұйымдастырылып, бейнелеу өнері, қолөнер, керамика, құрақ құрау, ұлттық спорт түрлері және білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері қамтылды. Бірнеше спикер шеберлік сыныптары мен мазмұнды баяндамалар ұсынып, заманауи өнердегі инновациялық тәжірибелерін бөлісті.

Шеберлік алаңдарына өңірдің мектептері, колледждері, қосымша білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерінен педагогтер қатысып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, жұмыс берушілермен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, білім беру бағдарламаларын еңбек нарығы сұранысына бейімдеу бойынша ұсыныстар талқыланды.


12 Ақпан 2026
132