COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхантану – рух пен жаңашылдықтың тоғысқан алаңы

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде үш күнге жоспарланған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өз жұмысын бастады.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған.

 

 

«Шерхантану курсын жобалау мен іске асырудағы технологиялар мен инновациялар: қиындықтар мен тиімді шешімдер» атты семинарға республика бойынша жоғары оқу орындары мен мектептерден 120-ға жуық қазақ тілі мен әдебиеті, ақпараттық технология бағытының мамандары қатысуда.

 

 

Семинардың ашылуында алғашқы сөзді Шерхан университетінің ректоры, пед.ғ.д., профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков пен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы Шахризада Асылбекқызы Усерова алып, шараның маңызы мен мазмұнына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі –

«Қазақтың Шерағасы» көптомдық жинағының 12-ші кітабының тұсаукесері өтті.

Жинақта Шерхан Мұртазаның ұлттық рухты, адамгершілік пен елдік мұратты арқау еткен шығармалары жүйелі түрде топтастырылған. Бұл еңбектер қаламгердің азаматтық болмысын, қазақ қоғамын толғандырған мәселелерге қатысты батыл ойларын айқын танытады.

 

 

Үш күнге созылатын семинар барысында 26 спикер шерхантанудың теориялық және әдістемелік қырлары, инновациялық технологиялар мен ЖИ элементтерін білім беру процесінде қолдану бағытында тәжірибелерімен бөліседі.

Семинардың мақсаты – ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыру, Шерхан Мұртаза мұрасын оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану және ұлттық педагогикаға негізделген білім беру іскерліктерін дамыту.

Семинар жұмысы жалғасуда.