COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Жатақханада өрт қауіпсіздігі бойынша оқу жаттығу жиыны өтті

 

Жатақханада өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы оқу жаттығу жиыны өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен жатақхана қызметкерлерінің төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру және азаматтардың жауапкершілігін арттыру.

 

 

Оқу-жаттығу барысында шартты өрт жағдайы ұйымдастырылып, эвакуациялау тәртібі көрсетілді. Студенттер қауіп төнген сәтте ғимараттан қауіпсіз әрі жылдам шығу жолдарын меңгеріп, өрт кезінде өзін-өзі ұстау ережелерімен танысты. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жолдарын түсіндіріп, арнайы техникалардың жұмысын көрсетті.

 

 

Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрмыстық электр құралдарын дұрыс пайдалану және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша кеңестер берілді. Мұндай оқу жаттығулары төтенше жағдайлардың алдын алуға және адам өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.