Магистрлік диссертацияны қорғау

2026 жылғы 19 қаңтарда 2025–2026 оқу жылының бітіруші магистранттары қаңтар айындағы қабылдау бойынша магистрлік диссертацияларын сәтті қорғады.

Қорытынды аттестация Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, сондай-ақ магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес өткізілді. Қорғау барысында магистранттар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын дәлелдеп, кәсіби даярлық деңгейін көрсетті.

Магистрлік диссертацияны қорғау — магистратурада меңгерілген білім мен ғылыми ізденістің маңызды қорытынды кезеңі.
Барлық түлектерді маңызды академиялық белесті сәтті еңсеруімен құттықтаймыз!
Алдағы кәсіби және ғылыми жолдарыңызға табыс тілейміз!

19 Қаңтар 2026
171