COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Қысқы мектеп – 2026: қорытынды кезең

 

Университетте жас оқытушылардың кәсіби әлеуетін арттыруға бағытталған IV Қысқы жас оқытушылар мектебі – 2026 өз жұмысын бастады. Аталған білім беру алаңы университетте 4-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Қысқы мектеп 2026 жылдың 6–9 қаңтар аралығында өтіп, 3 күнге созылады.

 

 

Қысқы мектепке университеттің 47 жас оқытушысы қатысуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – профессор-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, заманауи білім беру талаптарына сай оқыту дағдыларын дамыту және тәжірибе алмасу.

 

 

Бағдарлама аясында жоғары білім берудегі заманауи оқыту әдістері, оқу үдерісіне цифрлық білім беру технологияларын енгізу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен ғылыми жарияланым дайындау, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ оқытушының педагогикалық және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру бағыттарында дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіледі.

 

 

Сабақтарды тәжірибелі профессор-оқытушылар мен сала мамандары жүргізіп, қатысушыларға теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Қысқы мектеп жас оқытушылардың кәсіби дамуына, өзара тәжірибе алмасуына және жаңа білім мен идеяларды игеруіне бағытталған.

 

 

Қысқы мектеп жұмысының қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.