COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Qolda оқырмандар клубының «Qolda_kitap» жобасы

 

2025 жылдың 24 желтоқсан күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының сеньор-лекторы О.Т.Саржаевтың бастамасымен студенттерді ғылыми ізденіске шабыттандыру мақсатында ҚТ-25-1,3 (IP) топтарының студенттері арасында ұйымдастырылған «Qolda_kitap» ғылыми-танымдық зерттеу жобасы өз мәресіне жетіп, үздік ізденіс жұмыстары үшін ізденімпаз студенттер «Педагогика» факультетінің деканы Т.Б.Нурбеков тарапынан марапатталды.

«Qolda_kitap» жобасы – инстаграм желісінде арнайы ашылған парақшаға студенттердің қазақ әдебиеті мен қазақ тарихына қатысты өз ізденіс жұмыстарын жүктеп, қалың оқырман назарына ұсынады. Семестр соңында ең көп қаралым жинаған ізденіс жұмысы жеңіске жетеді.
Қазіргі таңда, парақшадағы ең көп қаралым жинаған жұмыстар:

1. «Үш арысқа жар болған жан» - 9 064 қаралым;

2. «Ең атақты мақалалар» - 8 729 қаралым;

3. «Сәкеннің Сталинге хаты» - 8 391 қаралым;

4. «Қазақ зиялыларына тағылған айыптар» - 8 000 қаралым;

5. «Құдандалы жазушылар» - 8 000 қаралым;

6. «Цензураға ұшыраған шығармалар» - 8 000 қаралым;

7. «Ұлт көсемінің бес ұстанымы» - 7 117 қаралым;

8. «Әбділдә Тәжібаевтың Мағжанға жасаған қиянаты» - 7 000 қаралым;

9. «Атақты қазақ әйелдерінің киім үлгісі» - 5 535 қаралым;

10. «Сәбит Мағжанды атқызған ба?» - 5 000 қаралым жинаған. 

Бұл жоба «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының жанынан О.Т.Саржаевтың жетекшілігімен ашылған «Qolda» оқырмандар клубының алғашқы жемісті жобасы. Оқырмандар клубының мақсаты – қазақ және әлем әдеби шығармаларын оқу, өзара талдау.Сонымен қатар, студенттерді ғылыми ізденіске, материалдарды жинақтауға, саралап, анализ жасап, әлеуметтік желілердің форматына сай ықшамдауға үйретеді. 

«Qoldа» клубын шын көңілден қолдай отырып, университетіміздің абыройын асқақтатар жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз.