Университет пен колледж қызметкерлеріне мерекелік жеміс таратылды

Бүгін университет пен колледждің барлық қызметкерлеріне Құрылтайшылар атынан отандық жеміс — алма таратылды.
Аталған игі бастама алдағы мерекелер қарсаңында ұжымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қызметкерлерге деген құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде ұйымдастырылды. Мерекелік бұл сыйлық университет ұжымы үшін арнайы дайындалды.

Жемістерді оқу ғимараттарына Шаруашылық бөлімі жеткізіп, тарату жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылды.
Университет басшылығы барлық әріптестерге қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіріп, береке-бірлік пен молшылық тіледі.

25 Желтоқсан 2025
137