«Жалпы психология» пәнінен ашық сабақ

2025 жылдың 10 желтоқсан күні «Жалпы педагогика» кафедрасының ассистенттері У.К. Сманова, А.Қ. Рзатай және Е.Б. Қадірова БОПӘ-24-1,3 топтарымен «Жалпы психология» пәнінен мазмұны терең, әдістемелік тұрғыдан жан-жақты ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы — «Қабілет», мақсаты — студенттердің кәсіби ой-өрісін кеңейту, теорияны тәжірибемен ұштастыру және әр білім алушының ішкі әлеуетін ашуға бағытталды.
- Сабақ барысында топтық жұмыс, ой қозғау, практикалық талдау, жағдаяттық тапсырмалар сияқты интербелсенді әдістер қолданылып, студенттердің қызығушылығы артты.
- Әр қатысушы өз пікірін ашық айтып, қабілет ұғымын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Жалпы, ашық сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттердің танымдық белсенділігін күшейтті және пәнге деген ынтасын арттырды.

11 Желтоқсан 2025
222