2–3 курс студенттері арасында Пәндік олимпиада өтті

2025 жылдың 8 желтоқсанында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Жалпы педагогика» кафедрасы ұйымдастыруымен 6В01101 – «Педагогика және психология», 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», 6В01301 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 2–3 курс студенттері арасында Пәндік олимпиада өтті.
Білімді де белсенді қатысушылар арасынан «Soul Light», «Skymind», «Balalab», «Baby Stars», «Зерек», «Future Minds» командалары үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Олимпиаданың мақсаты – студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және пәндік білімін тереңдету болып табылады. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын жан-жақты көрсете білді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Университетіміздің абыройын асқақтатар жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз.

10 Желтоқсан 2025
145