Студентіміз республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда І орын иеленді

Қарағанды қаласында академик, көрнекті ғалым Е.А. Бөкетовтың туғанына 100 жыл толуына арналған студенттердің XI Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы жоғары деңгейде өтті. Аталған ғылыми шараға еліміздің әр өңірінен жоғары оқу орындарының талантты студенттері мен жас зерттеушілері қатысып, ғылыми жобаларын қорғады.
Осы конференция аясында «Тарих және география» кафедрасының оқытушысы, ғылыми жетекші Қасымқұлова Перизат Тұрдыақынқызының жетекшілігімен университетіміздің студенті Абдурахман Әбдіраман Қаржаубайұлы «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» бағыты бойынша дайындаған ғылыми баяндамасын жоғары деңгейде қорғап, І орынға ие болды. Нәтижесінде жас зерттеуші І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Аталған жетістік – университетіміздің ғылыми әлеуеті мен студенттеріміздің білімі мен ізденісінің жарқын көрінісі. Бұл жетістік жас ғалымдарды қолдауға және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға зор серпін береді.
Қасымқұлова Перизат Тұрдыақынқызын және Абдурахман Әбдіраман Қаржаубайұлын шын жүректен құттықтай отырып, алдағы ғылыми белестерде толағай табыстар, шығармашылық ізденіс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

09 Желтоқсан 2025
158