Волейболды отырып ойнаудан әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті және «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен волейболды отырып ойнаудан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталған доданың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі спортшыларды қолдау, параспортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарынан келген командалар қатысып, тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.

Чемпионат барысында спортшылар өзара шеберлік танытып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақылармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар Заң факультетінің студенттері арнайы жеңімпаз командаға теледидар тарту етті.

Жарыс нәтижелері:
• І орын – Алматы облысы (500.000 тг)
• ІІ орын – Алматы қаласы (400.000 тг)
• ІІІ орын – Астана қаласы (300.000 тг)

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, болашақта осындай жарыстарды жүйелі түрде өткізу жоспарланғанын атап өтті.

08 Желтоқсан 2025
134