COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Шерхан университеті енді медицина саласының менеджерлерін дайындайды

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Денсаулық сақтаудағы менеджмент: Көшбасшылық және басқару тиімділігі» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шара аясында университеттің жаңа білім беру бастамасы — «7M04109 – EMBA Денсаулық сақтаудағы менеджмент» бағдарламасы ресми түрде таныстырылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты — денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарды басқару тиімділігін арттыра алатын, заманауи бизнес-процестерді меңгерген, стратегиялық ойлайтын басқарушыларды, кәсіпкерлерді және топ-менеджерлерді даярлау. Бағдарлама медициналық менеджментте халықаралық тәжірибені енгізуге бағытталған.

Іс-шара Шерхан университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор Махметғали Сарыбековтің құттықтау сөзінен басталды. Өз сөзінде ол денсаулық сақтау саласында заманауи менеджерлерді даярлаудың өзектілігін атап өтті.

 

 

Дөңгелек үстелге медициналық ұйымдар, халықаралық университеттер мен сарапшылар қатысты. Бағдарлама барысында төмендегі баяндамалар ұсынылды:
• EMBA бағдарламасының тұжырымдамасы – академиялық жұмыстар жөніндегі проректор Ақмарал Қадырова;
• Медициналық ұйымдарды басқарудың заманауи тәсілдері – Kimyo University Hospital (Өзбекстан) директоры Рустам Рашидов;
• Халықаралық бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту – профессор Марат Баяндин және SITE ұйымының бизнес-даму жөніндегі директоры Айнұр Мұқанова;
• Жобалық менеджмент негізінде медициналық ұйымдарды басқару – Жамбыл облыстық қан орталығының директоры, «Болашақ» түлегі Гұлам Омаров;
• Медициналық білім берудегі жасанды интеллекттің рөлі – SITE денсаулық сақтау бизнес мектебінің директоры Daniel Martinez Canca (онлайн);

 


Таныстырылым аясында университет келесі ұйымдармен ынтымақтастық меморандумдарына қол қойды:

1. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
2. Кимё Халықаралық Ташкент университеті
3. Швейцария Технологиялар және Кәсіпкерлік Институты (SITE, Женева)

 


Бұл келісімдер EMBA бағдарламасын халықаралық деңгейде дамытуға, академиялық ұтқырлық пен бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Жаңа EMBA бағдарламасының таныстырылымы денсаулық сақтау менеджменті саласында білікті мамандар даярлауға бағытталған университет бастамаларының маңызды қадамы болды. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті салалық серіктестермен бірлесе отырып, медициналық менеджмент бойынша жаңа білім беру экожүйесін қалыптастыруды жалғастырады.