COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Бизнес-инкубатор – жас кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер!

 

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде студенттердің кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған «Бизнес-инкубатор – университеттің кәсіпкерлік экожүйесінің бөлігі» атты мазмұнды тренинг ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қатысушыларға стартап экожүйесінің қазіргі үрдістері, академиялық идеяларды коммерцияландыру жолдары, сондай-ақ халықаралық білім беру мүмкіндіктері таныстырылды.

Тренинг барысында Швейцарияның Технологиялар және кәсіпкерлік институтында «FinTech», «International Law» бағыттары бойынша білім алу мүмкіндігі талқыланды. Қатысушылар шетелдік оқу бағдарламаларының артықшылықтарымен, академиялық ұтқырлық талаптарымен және жаһандық стартаптармен жұмыс істеу дағдыларымен танысты.

Сонымен қатар студенттердің идеяларын табысты стартаптарға айналдыру, жобаларды дамыту, инвестиция тарту және кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру жолдары да кеңінен сөз болды. Спикерлер университет қабырғасындағы бизнес-инкубатордың рөлін атап өтіп, оның жас кәсіпкерлерге бағыт-бағдар беретін тиімді платформа екенін жеткізді.

 

 

Тренингтің негізгі спикерлері:

Айнур Муканова – CA SITE институтының бизнес-даму жөніндегі директоры, тренингтің негізгі тренері. Ол халықаралық стартап экожүйесінің мүмкіндіктеріне тоқталып, студенттерге өз жобаларын дамытуға арналған нақты қадамдарды ұсынды.

Қадырова Ақмарал Сатбекқызы – Ш. Мұртаза атындағы ХТУ-дың академиялық жұмыстар жөніндегі проректоры. Ол университеттің инновациялық бастамаларды қолдауға ерекше мән беретінін атап өтті.

Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы – «Экономика және бизнес» факультетінің деканы. Факультет тарапынан студенттердің кәсіпкерлік белсенділігін арттыруға арналған жаңа мүмкіндіктер таныстырылды

Баяндин Марат Асылбекович – Ш. Мұртаза атындағы ХТУ профессоры. Ол студенттерді белсенді болуға шақырып, бизнес пен IT саласындағы идеяларын батыл түрде ұсынуға үндеді.

 

 

Іс-шараға қатысқан студенттер тренингтен тың әсер алып, жаңа бағыттар бойынша білімін кеңейтуге мүмкіндік алды. Тренинг соңында қатысушылар өз идеяларын таныстырып, тәжірибелі мамандардан кәсіби кеңестер алды. Университет алдағы уақытта да жас стартапшыларды қолдау мақсатында түрлі тренингтер, семинарлар және шеберлік сабақтарын өткізуді жалғастыратынын жеткізді.