Адал және Саналы ұрпақ – тәртіп пен әділеттілік негізі

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «Заң мен тәртіп» қағидаты және екі жақты Меморандум аясында №66 орта мектеппен бірлескен «Адал және саналы ұрпақ – тәртіп пен әділеттілік негізі» атты ашық сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Іс-шараға «Адал ұрпақ» мектеп клубының белсенділері мен университеттің «Саналы ұрпақ» клубының студенттері қатысты.

Кездесудің ашылуында №66 орта мектеп директоры Фарида Советбекқызы Шортанбекова сөз сөйлеп, адалдық жолын ұстанған ұрпақ – ел болашағының кепілі екенін атап өтті.

Шара барысында спикерлер жастарға қоғам алдындағы жауапкершілік, құқықтық мәдениетті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында маңызды ойларымен бөлісті. Университеттің комплаенс қызметінің басшысы Жолдасова Орынқыз Көпбосынқызы оқу орнында жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып, студенттер мен оқушыларды құқықтық сауаттылықты арттыруға шақырды.

Сонымен қатар мектептің «Адал ұрпақ» ұйымы мүшелері мен университеттің «Саналы ұрпақ» студенттік клубының белсенділері ашық пікір алмасып, тәжірибе бөлісті. Студенттер университеттің инфрақұрылымы мен білім беру бағыттары жайлы да кеңінен ақпарат берді.
Кездесу соңында қатысушылар видеоролик тамашалап, университеттің бас ғимараты мен Студенттер үйін аралап көрді. Естелік суреттерге түсіп, әсерлі кездесуді қорытындылады.

03 Желтоқсан 2025
143