Жапониядан жүлдемен оралды

Жапонияның Токио қаласында өткен Киокушинкай-кан каратэден Әлем чемпионатында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің шығармашылық мамандықтар факультеті, ДШ-22-9 тобының студенті Кемельбекова Камила жоғары нәтиже көрсетіп, әйелдер арасында 55 кг салмақ дәрежесінде II орынға ие болды.

Аталған байрақты бәсекеде 40 елден 1000-ға жуық спортшы бақ сынағанын айта кету керек. Осындай халықаралық деңгейдегі жарыста жүлделі орын иелену – Камиланың табанды еңбегі мен жоғары шеберлігінің нәтижесі.
Университет ұжымы талантты спортшымызды жеңісімен құттықтап, алдағы жарыстарда да жаңа белестерді бағындыруына тілектес!

02 Желтоқсан 2025
122