Кәсіби бағдар беру жұмыстары

«Педагогика» факультетінің “Жалпы педагогика” кафедрасы кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Киікбаев атындағы мектеп-гимназия, 1 мектеп гимназия, 7 орта мектеп, Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия, Сарыкемер гимназия тірек мектептерін аралап, оқушыларға университетіміз туралы жан-жақты ақпарат ұсындық. Кездесулер барысында университеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтардың ерекшеліктері, оқыту форматы, грант мүмкіндіктері және студенттерге арналған әлеуметтік қолдау түрлері таныстырылды.
Университет өмірі, студенттік ұйымдар, ғылыми жобалар мен тәжірибелік мүмкіндіктер туралы да қосымша мәлімет берілді.
Бұл кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға, жоғары оқу орны туралы нақты және пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.

01 Желтоқсан 2025
94