Пәндік олимпиада қорытындысы

28.11.2025 жылы «Экономика және бизнес» факультетінің профессор-оқытушылар құрамының ұйымдастыруымен
6В04101 – Экономика,
6В04102 – Есеп және аудит,
6В04103 – Қаржы,
6В04104 – Мемлекеттік және жергілікті басқару,
6В04105 – Менеджмент
білім беру бағдарламаларында оқитын 2 және 3 курс студенттері арасында пәндік олимпиаданың І кезеңі өтті.

І кезеңде студенттер «Экономикалық теория негіздері» пәнінен қазақ және орыс тілдерінде білімдерін сынады. Үздік нәтиже көрсеткен студенттер ІІ кезеңге іріктелді.
ІІ кезеңде қатысушылар «Статистика», «Қаржылық сауаттылық» және «Кәсіпкерлік» пәндері бойынша қазақ және орыс тілінде тест тапсырмаларын орындап, жоғары нәтижелер көрсетті.
Олимпиада факультет деканы бекіткен Ережеге сәйкес өткізілді. Барлығы 42 студент қатысып, олардың ішінен қазылар алқасының шешімімен 24 студент ІІ кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздар:
I дәрежелі диплом:
- Фин-23-2 тобы – Ибрагимова С.А.
- Эк-24-1 тобы – Нүркенқызы Б.
II дәрежелі диплом: – 4 студент
III дәрежелі диплом: – 4 студент
Марапаттау рәсімі факультет деканы PhD Қуатбеков Жарас Алпысбайұлының басшылығымен өткізіліп, оқытушылар жеңімпаздарды құттықтады.

Қатысушыларды белсенділігі мен білімге деген талпыныстары үшін құттықтаймыз! Жаңа жетістіктерге жол ашық болсын!

01 Желтоқсан 2025
128