COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Университет қызметкерлері жасанды интеллект бойынша біліктілігін арттырды

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырмасына сәйкес және Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығы ұйымдастырған «Жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні пайдалану» тақырыбындағы 72 сағаттық біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында университетіміздің қызметкерлері оқуын аяқтап қайтты.

 

 

Біліктілікті арттырған қызметкерлер:

Қадырова Ақмарал Сатбековна – академиялық қызметтер жөніндегі проректор, э.ғ.к.

Оңғарбаева Марал Буркитбаевна – «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к

Бейсекеева Камила Салимовна – цифрлық офицер

Аталмыш бағдарламаның мақсаты – жоғары білім және ғылым саласында жасанды интеллектіні дамыту мен тиімді қолдану бойынша білім, құзыреттілік және басқарушылық дағдыларды қалыптастыру.

 

 

Оқу 10–19 қараша (онлайн) және 20–21 қараша (офлайн) күндері Ахметжан Тынышбаев атындағы ALT университеті базасында өтті.

 

 

ЖОО басшылығына арналған ЖИ бағдарламасы төмендегі модульдер бойынша жүзеге асырылды:

- ЖОО-ның цифрлық кемелдігін талдау;

- AI-Sana: жасанды интеллект бойынша кадрларды даярлау;

- Generative AI құралдарын басқару;

- Digital marketing пен білім беру саласындағы ЖИ трендтері;

- Қазақстандық және халықаралық тәжірибелер (QS, Microsoft, Beeline, Сингапур EdTech кейстері);

- Практикалық жұмыс: университетте ЖИ қолдану бойынша use-case әзірлеу.

 

 

Бұл курс жасанды интеллектіні этикалық, тиімді және жүйелі қолдануға тың көзқарас қалыптастырып, университетіміздің цифрлық стратегиясын дамытуға нақты серпін берді.