Жүлдемен оралған футзал командасын университет басшылығы құттықтады

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің басшылығы Астана қаласында өткен U-LEAGUE студенттік футзал чемпионатында жүлделі III орын алған университет құрамасын арнайы қабылдап, құттықтады.

Аталған чемпионатта ITU командасы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының спортшыларымен бақ сынасып, өздерінің шеберлігін, жылдамдығын және командалық үйлесімділігін жоғары деңгейде көрсетті. Бұл нәтижеге қол жеткізу — университетте спорт саласының қарқынды дамуының айқын дәлелі.

Жарыс барысында команда мүшелері номинациялар бойынша да үздік деп танылды:
- Үздік мерген – Өмей Әділет (15 гол)
- Үздік бапкер – Ескермес Дастан
Университет басшылығы жеңімпаздарды арнайы сертификаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті студенттерінің жетістігі біз үшін зор мақтаныш. Алдағы уақытта да спорттық көрсеткіштерді арттырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!

26 Қараша 2025
126