COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

«Ою» командасы - «Әулиеата» жоғары лигасының чемпиондары!

 

«Әулиеата» жоғарғы лигасының финалдық кезеңінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Ою» жайдарман құрамасы ерекше ойын көрсетіп, чемпион атанды.

Финалда өңірдің мықты командалары — Oyu, Қарағайлы, Әуесқой, Тараз 2004, Ақпатшам, Келешек — өзара бақ сынады.

 

 

Финал үш кезеңнен тұрды: сәлемдесу, сұрақ-жауап, және үй тапсырмасы. Жұлдызды қонақ ретінде командамен бірге өнер көрсетуге жайдарман үздігі Нұрсұлтан Үсенбай шақырылды.

Жоғары лигада өңірдің ең мықты командалары бақ сынап, қатысушылар әзіл сапасы, сахналық мәдениеті мен импровизация шеберлігі бойынша бағаланды. Осы тартысты додада «Ою» құрамасы жоғары деңгейін көрсетіп, қазылар алқасының да, көрермендердің де ыстық ықыласына бөленді.

 

 

Шерхан университетінің жастары әрдайым белсенділігімен, шығармашылығымен және жеңіске деген жігерімен ерекшеленеді. Бұл жеңіс – команданың еңбегі мен бірлігінің жемісі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!