Шерхан университетінде «Жастар есірткісіз болашақ үшін» атты кездесу өтті

7 қараша күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жастар есірткісіз болашақ үшін» атты кездесу өтті.

Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Каукешова Айгерім Асанқызы, Полиция департаментінің Кинология қызметі орталығының өкілдері, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ маманы Бикенова Құралай Алпысбайқызы қатысты.

Кездесуді Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков ашып, жастарға қоғамның болашағы — дені сау, жауапкершілікті ұрпақ екенін атап өтті.

Бағдарлама барысында студенттерге «Есірткіге жол жоқ!» атты бейнеролик көрсетіліп, қызметтік иттердің арнайы жаттығу көрінісі ұсынылды. Кездесу соңында еркін сұрақ-жауап және пікір алмасу өтті.
Шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, есірткіге қарсы көзқарасын нығайтуға бағытталды.


07 Қараша 2025
403