Таразда бұрымды арулар байқауында Шапағат Әкімғали топ жарды

Бүгін Ы. Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Республика күніне орай «Қыздарға әсемдік жарасады» атты бұрымды арулар байқауы өтті. Іс-шараны Тараз қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырып, байқау ұлттық құндылықтарды насихаттап, сұлулық пен инабаттылықты дәріптеуге арналды.
Байқауға қаладағы жоғары оқу орындарынан келген білімді де өнерлі қыздар қатысып, бірнеше кезең бойынша сынға түсті. Қатысушылар сән-салтанатымен, шеберлігімен және ұлттық болмысқа сай тәрбиесімен көзге түсті.

Нәтижесінде, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Шығармашылық мамандықтар факультетінің 1 курс студенті — Әкімғали Шапағат ерекше дарынымен дараланып, 1 орынға ие болды.
Сондай-ақ, Педагогика факультетінің студенті Өтемұрат Жансая мен Жаратылыстану факультетінің студенті Ермек Аяжан қала әкімінің арнайы дипломдарымен марапатталды.
Шара соңында ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс айтып, мұндай байқаулар қыз баланың ішкі мәдениетін, ұлттық болмысын арттыратынын атап өтті.


17 Қазан 2025
710