«Ғылымдағы жаңашылдық – ұлттық дамудың кепілі» семинары

7 қазан күні «Жалпы педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен мазмұны терең, тағылымы мол семинар өтті. Іс-шараға 1-курс студенттері белсене қатысып, ғылым мен білімнің жаңашыл бағыттары туралы тың мағлұмат алды.
Семинарға педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Білім академиясының академигі Болеев Қалдыбек, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарыбекова Жанат Туленовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Елубаева Рахат Сайлаубековна қатысып, өздерінің құнды ой-пікірлерін, тәжірибелерін бөлісті.
Іс-шара студенттердің ғылыми көзқарасын кеңейтіп, болашақ жастарды зерттеушілікке ынталандыруға бағытталды. Семинар соңында студенттер ғалымдардың ғылыми еңбектері жарық көрген кітаптарымен танысып, авторлардан естелік ретінде қолтаңба алды.

09 Қазан 2025
317