Шерхан университетінің мақтанышы – Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова ректор қабылдауында болды

Шерхан университетінің ректоры бокстан екі дүркін әлем чемпионы, «Құрмет» орденінің иегері, университетіміздің студенті Алуа Балқыбекованы қабылдады.

Бұл кездесуде ректор университеттің атынан Алуаның ерен еңбегі мен зор жетістіктері үшін алғыс білдіріп, болашақ спорттық мансабына сәттілік тіледі. Алуа Балқыбекова бүкіл елдің, сонымен қатар Шерхан университетінің мақтанышы.

Біз Алуаның жаңа жеңістерге жететініне сенімдіміз!

24 Қыркүйек 2025
532