COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Универсиада жеңісі – ел абыройы

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің студенті, жас балуан Нұрқанат Серікбаев ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада қола медаль иеленіп, ел намысын абыроймен қорғады.

66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрқанат шешуші белдесуде украиналық спортшы Микита Холобородконы айқын басымдықпен жеңіп, әлемдік аренаның жүлдегері атанды.

 

 

Төрткүл дүниенің үздік студент-спортшыларын жинаған дүбірлі додада топ жару – үлкен жетістік. Бұл жеңіс – Нұрқанаттың қажырлы еңбегі мен табандылығының, бапкерлерінің біліктілігі мен университетіміздің қолдауының жемісі.

Жеңісті жаңалықпен елге оралған чемпионды Жамбыл өңірінің спорт жанашырлары, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің басшылығы, оқытушылары мен студенттері сән-салтанатпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті.

 

 

– Бұл – жеке жетістік қана емес, Қазақстан спортының, әсіресе жастар арасындағы спорттық рухтың биіктігін көрсететін айшықты оқиға. Университетіміздің атын әлемдік деңгейде танытқан Нұрқанат Серікбаевқа шексіз алғыс білдіреміз! – дейді оқу орнымыздың Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Гүлшат Қамбарбекқызы.

 

 

Нұрқанат Серікбаев – тек спортта емес, білім мен тәрбие бағытында да үлгілі студенттердің бірі. Ол Тараз өңіріндегі жас буынға үлкен үлгі, алдағы жеңістердің жаршысы боларына сенім мол.

Университет ұжымы чемпионға зор денсаулық, жаңа белестер мен жеңісті жол тілейді!