COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ұстаздық пен ғылым жолына қадам: түлектерге дипломдар табысталды

Ұстаздық пен ғылым жолына қадам: түлектерге дипломдар табысталды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде Педагогика және Жаратылыстану ғылымдары факультеттерінің түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау кеші өтті.

 

 

Акт залында өткен шараға университет президенті Нұржан Муслимов, ректор Махметғали Сарыбеков, президент кеңесшісі Жүсіпбек Сүлейменов, проректорлар, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы, түлектердің ата-аналары мен қонақтар қатысты.

Биыл Педагогика факультетін 179 студент тәмамдады. Олардың ішінде 6 түлек «Үздік диплом» иегері атанып, жетістігімен университет мақтанышына айналды. Сонымен қатар, оқу озаттығымен, қоғамдық белсенділігімен көзге түскен 7 түлекке арнайы «Шерхан» сыйлығы мен Алғыс хаттар табысталды.

 

 

Жаратылыстану ғылымдары факультетін 191 түлек аяқтап отыр. Бұл факультеттің де озаттары аз емес: 11 түлекке «Үздік диплом» табысталып, 6 түлекке «Шерхан» сыйлығы мен Алғыс хаттар берілді. Университет басшылығы мұндай марапаттардың тек оқу жетістігін емес, ғылыми-зерттеу белсенділігін, тәрбие және қоғамдық жұмыстардағы үлесін де мойындау екенін атап өтті.

 

 

Салтанатты жиында алғашқы құттықтау сөзді университет президенті Нұржан Муслимов сөйлеп, түлектерге ізгі тілегін білдіріп, бірқатар үздік бітірушілерге дипломдарын өз қолымен тапсырды. Ректор Махметғали Сарыбеков те жүрекжарды тілегін арнап, салтанатты түрде дипломдар табыстады. Президент кеңесшісі Жүсіпбек Сүлейменов пен университеттің проректорлары да түлектерді құттықтап, дипломдарды табыстауға атсалысты.

 

 

Шараның мазмұнын байытқан әсем концерттік бағдарлама да қонақтардың көңілін көтеріп, мерекелік кештің сәнін арттырды. Өңіріміздің танымал әншілері сахна төрінде өнер көрсетіп, түлектерге ерекше сый жасады.

 

 

Бұл күн – тек диплом алу рәсімі ғана емес, түлектердің өміріндегі жаңа белестің бастауы. Ендігі жерде олар ұстаздық пен ғылымның маңызды салаларында еңбек етіп, өз білімін жас ұрпақ тәрбиесіне, елдің дамуына жұмсайтын болады.

 

 

Университет ұжымы барлық түлектерге жарқын болашақ, кәсіби табыс пен биік белестер тілейді.

Жолдарыңыз ашық болсын, жас мамандар!