COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шығармашылық мамандықтар факультетінің түлектеріне диплом табысталды

Шығармашылық мамандықтар факультетінің түлектеріне диплом табысталды

 

Салтанатты кешке университет президенті Нұржан Муслимов, ректор Махметғали Сарыбеков, проректорлар, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар мен студенттердің туған-туыстары қатысты.

Биылғы түлектердің арасында оқу үлгерімімен, қоғамдық белсенділігімен, шығармашылық жетістіктерімен ерекшеленген жастар аз болған жоқ.

 

 

5 студентке – "Үздік диплом" табысталды.
20 студент – "Шерхан мақтанышы" арнайы сыйлығы мен Алғыс хаттарға ие болды. Бұл марапаттар біліммен қатар, өнер мен ғылым, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан, университет рухын дәріптеген түлектерге берілді.

Университет басшылығы әрбір студенттің еңбегін жоғары бағалап, олардың алдағы кәсіби өмірінде сәттілік тіледі.

 

 

Мерекелік кештің ажарын университеттің өнерлі студенттері мен шығармашылық ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама аша түсті. Ән, күй, би өнері сахна төрінде көрініс тауып, ата-аналар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлады.

Университет ұжымы барлық түлектерге шынайы алғыс айтып, биік белестер мен жарқын болашақ тілейді.

Жолың болсын, жас маман!

 


Шерхан университетінің
Баспасөз қызметі