Шерхан Мұртаза атындағы ХТУ оқытушысына кәсіби қызметі үшін алғыс білдірілді
Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдері арасындағы «Достар шеңберінде» атты халықаралық шығармашылық жұмыстар көрме-байқауы барысында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің оқытушысы Мұхаммед-Умар Паншаев кәсіби сарапшы ретінде қазылар алқасының құрамында қызмет атқарды.
Аталған байқауды Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты А.Л. Штиглиц атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік көркемсурет-өнеркәсіптік академиясы ұйымдастырды. Бұл беделді іс-шара шығармашылық әлеуетті дамытуға, мәдениеттер арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ өнер мен дизайн саласындағы кәсіби шеберлердің тәжірибе алмасуына ықпал етуді көздейді.
Байқау аясында Мұхаммед-Умар Паншаевқа көрмедегі әділқазылық қызметі үшін алғыс хат табысталды. Құжатта Санкт-Петербург мемлекеттік көркемсурет-өнеркәсіптік академиясы оқытушымыздың кәсіби еңбегін ерекше атап өтіп, жоғары бағасын берген.
Бұл жетістік – университетіміздің халықаралық деңгейдегі беделінің артуының, профессорлық-оқытушылық құрамның кәсібилігінің және өнер мен білім саласындағы белсенді ынтымақтастықтың нақты көрінісі.