XIII Жазғы Универсиада — жарқын бастау, жарқын жеңістер!
Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» орталық стадионында XIII Жазғы Универсиаданың ресми ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті.
Бұл айтулы спорт мерекесіне Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің командасы да қатысып, университетіміздің туын асқақ көтеріп, мәртебелі шерудің бір бөлігі болды.
Салтанатты кешке министрлік өкілдері, өңір басшылары, Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері, қала тұрғындары мен қонақтар жиналды.
-ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов
-ҚР Туризм және спорт министрлігі өкілі Аманбай Нұрмұханбетов
-Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев
студент жастарға сәттілік тілеп, рухты сөздерімен шабыт сыйлады.
Ашылу салтанаты концерттік бағдарламамен жалғасып, сахнада танымал қазақстандық әншілер өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Алғашқы күндердің өзінде университетіміздің спортшылары 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алып, Жазғы Универсиададағы жеңісті жолын бастап кетті! Атап айтсақ:
Дзюдо спорты бойынша:
І орын — Сезім Өтеулі (63 кг)
Таэквандо спорты бойынша:
І орын — Дербес Меруерт (57 кг)
ІІІ орын — Темірбай Нұрдәулет
Шерхан Университеті атынан барлық қатысушы командаларға сәттілік тілейміз!