Minor пәндері бойынша презентациялар өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Тараз университетінде 2024-2025 оқу жылының 14.05-15.05 аралығында бакалавриаттың жаңа білім беру моделінің бір құрамдас бөлігі - Minor қосымша құзыреттілікті дамыту және педагогикалық жүктемелерді қалыптастыру мақсатында педагогикалық білім беру бағдарламаларының білім алушыларына кафедраларға қатысты презентациялар өтті.
Minor пәндерінің блогы:
Тарих және география кафедрасы - Мұражайдағы нұсқаулық және Өлкетану пәні - аға оқытушылар А. Тансықова мен А. Жүнісбекова;
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы- Мемлекеттік тілде іс жүргізу- аға оқытушы Түймебекова;
Жалпы педагогика кафедрасы- Киберпедагогика, Қосымша білім беру педагогы және Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы тьютор пәндері- К. Бахтыбаева;
Шығармашылық пәндер және Бастапқы әскери кафедрасы- Колористика және дизайн, Қолөнерші пәндері- Б. Сагинбаев;
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы- Спорттық менеджмент пәні- А. Марат;
Мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы- Кәсіпкерлік құқық негіздері пәні- Т. Саткей, М. Тасыбаева;
Қаржы кафедрасы- Қаржылық сауаттылық пәні- Б. Жакашев, С. Танатова;
Экономика және басқару кафедрасы- Кәсіпкерлік пәні- Қ. Тастанбекова, Б. Жуанышева, А. Ержигитова;
Шетел тілдері кафедрасы- Тіл және мәдениетаралық байланыс пәні- Ж. Рысалдиев;
Биология және ауылшаруашылық мамандықтар кафедрасы- Фитосанитар және Гүл өсіруші пәні- Қ. Айтекова;
Жаратылыстану кафедрасы- Физик- механик пәні- А. Омарова;
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар кафедрасы- IT технологияларын басқару пәні- Ғ. Ерманова, Ә. Қыдырбек, Г. Шомаева;
Стандарттау және ветеринария кафедрасы- Метрология және сапаны қамтамасыз ету, Фермер және Ауыл шаруашылығы жануарларына диагностикалық және алғашқы ветеринариялық көмек көрсету пәндері - П. Маликтаева, Н. Жәдігер презентацияларын қызықты әрі тағылымға толы етіп өткізді.