Кешенді мемлекеттік емтихан

8 мамыр 2025 жыл Педагогика факультетінің «Жалпы педагогика» кафедрасы даярлайтын 6В01301 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша 4-курс студенттері бекітілген кестеге сәйкес кешенді мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырды.

Емтихан барысында студенттер өздерінің кәсіби даярлықтарын, теориялық білім мен практикалық машықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Берілген сұрақтарға жан-жақты, мазмұнды жауаптар беріп, болашақ бастауыш сынып мұғаліміне тән біліктілік пен құзыреттіліктерін дәлелдеді.
Кешенді емтихан – студенттердің төрт жыл бойы жинақтаған білімінің қорытындысы ғана емес, сонымен қатар олардың педагогикалық жолға дайындығының айқын көрінісі. Барлық емтихан тапсырушыларға алдағы кәсіби жолдарында сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!

08 Мамыр 2025
465