COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат»: тарихты ұлықтаған тағылымды шара

«Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат»: тарихты ұлықтаған тағылымды шара

 

Оқу орнымызда Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат!» атты салтанатты жиын өтті.

 

 

Ұлы Отан соғысы жылдарының ерлікке толы өнегесін ұрпақ санасына сіңіруді мақсат еткен жиынға Ауған соғысының ардагерлері, университет басшылығы, оқытушылар, студенттер және арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты.

 

 

Патриоттық рухқа толы іс-шарада студенттердің қатысуымен ұйымдастырылған саптық шеру мен қоян-қолтық ұрыс көрсетілімі көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл көріністер арқылы жастар әскери тәртіп пен жауынгерлік дайындықтың үлгісін көрсетті.

 

 

Шара барысында патриоттық әндер мен соғыс жылдарының жауынгерлік әндері шырқалып, тыңдарман қауымның жүрегін тебірентті. Ал ардагерлер майдан даласындағы өмір, ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік туралы естеліктерімен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін бағалауға үндеді.

 

 

Іс-шараның айрықша сәттерінің бірі – келген қонақтар мен студенттерге "Сарбаз ботқасы" ұсынылуы болды. Бұл – тек тағам ғана емес, майдандағы сарбаздардың күнделікті тіршілігін еске салатын символдық мәні бар көрініс ретінде көпшілікке әсерлі сәт сыйлады.

 

 

«Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат. Бұл – біздің өткенге деген тағзымымыз, болашаққа жол сілтер рухани бағдарымыз», – деп атап өтті шара ұйымдастырушылары.

Аталған жиын — тарихты ұлықтап, ерлікті еске салып, жастар бойында отансүйгіштік сезімді күшейтуді көздеген мәні терең, мазмұны бай шара болды.