«СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІН МЕҢГЕРТУ ӘДІСТЕМЕСІ» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде п.ғ.м. Қазжанов Ғалым Төлегенұлының «СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІН МЕҢГЕРТУ ӘДІСТЕМЕСІ» атты тақырыпта республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Ғылыми-әдістемелік семинардың басты мақсаты – тіл үйренушілерге қазақ тілін базалық деңгейде меңгерту, тыңдалым, оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын дамыту, мәтінмен жұмыс жасау барысында пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді үйрету, тыңдаушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру, қарым-қатынас жасау қабілетін жетілдіру.
Алғашқы құттықтау сөз Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлына берілді. Семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі.
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың модераторы – «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Пертаева Эльмира Құлибайқызы.
Ғылыми-әдістемелік семинарда 6 баяндама тыңдалды:
1.АЙДАРБЕК ҚАРЛЫҒАШ ЖАМАЛБЕКҚЫЗЫ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы. Тақырыбы: «ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМИ ПАРАДИГМА АЯСЫНДАҒЫ ТІЛДІ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ», Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;
2.ЖАҚАН ЖҰПАР РЫСҚҰЛҚЫЗЫ – Қарағанды облысы, тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Такырыбы: Ғ.Қазжановтың «Сөйлесім әрекетін меңгерту әдістемесі» атты еңбегінің маңызы. Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ. (видео онлайн);
3.ҮДЕРБАЕВ АЛМАС ЖАУЫНБАЙҰЛЫ–Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к. Тақырыбы: «Қ.СӘТПАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН». Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
4.БУЛЕКПАСОВА БАГДАТ ШАКИМОВНА – Астана қаласы әкімдігінің «№112 орта мектеп» КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші. Такырыбы: «ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТЫҢДАЛЫМ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ». Қазақстан Республикасы, Астана қ.
5.ЖОНКЕШОВ БАУЫРЖАН СЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті КеАҚ, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты. Тақырыбы: «ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ». Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;
6.УМИРБЕК ЖАННҰР ЕРЖАНҚЫЗЫ – Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 9-сынып оқушысы. Тақырыбы: «ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ӘДІСТЕР». Ғылыми жетекші: Мұсабекова Мадина Даниярбекқызы, педагог-зерттеуші. Қазақстан Республикасы, Тараз қ.
Ғылыми-әдістемелік семинар жұмысының негізгі бағыттары:
1.Ғ.ҚАЗЖАНОВ ЖӘНЕ «СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІН МЕҢГЕРТУ ӘДІСТЕМЕСІ» АТТЫ ЕҢБЕГІ
2.ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРГЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
3.БАЗАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІ ТҮРЛЕРІН МЕҢГЕРТУ ӘДІСТЕМЕСІ (ТЫҢДАЛЫМ, ОҚЫЛЫМ, АЙТЫЛЫМ, ЖАЗЫЛЫМ)
4. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар 3 бөлім бойынша қамтылған: І-бөлім – конференция, ІІ бөлім – тәжірибемен бөлісу, ІІІ-бөлім Тұсаукесер («Сөйлесім әрекетін меңгерту әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралы).
Кәсіби бағдар жұмыстарын арттыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс-шарада мектеп мұғалімдері тың баяндамалар жасап, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды.
Ғалым Төлегенұлының «Сөйлесім әрекетін меңгерту әдістемесі» атты оқу-әдістемелік құралының негізінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының сеньор-лекторы Стамкулова Баян Шаймерденқызы 1 курс студенттерімен өз тәжірибесімен бөлісті.
Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарды Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Стратегия, ғылым-инновация және Халықаралық байланыстар» жөніндегі проректор, п.ғ.к. Кудайбергенов Арман Ергалиевич қорытындылады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Кужаева Маржан Төреқұлқызы баяндамашыларды І дәрежелі дипломдармен марапаттады.
Ғалым Төлегенұлының қыл қаламынан туған еңбегі студенттер мен қонақтарға тарту етілді.