COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "ӘРЕКЕТ-2025" республикалық стартап байқауы өз мәресіне жетті

"ӘРЕКЕТ-2025" республикалық стартап байқауы өз мәресіне жетті

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде мектеп оқушылары мен колледж, жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен «ӘРЕКЕТ-2025» республикалық бизнес-стартап жобалар байқауының финалдық кезеңі сәтті өтті.

 


Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 52 команда қатысты. Байқау екі негізгі бағыт бойынша өтті. Атап айтсақ, "Әлеуметтік және IT жобалар" және"Өндіріс және қызмет көрсету"бағыты.

 


Айта кетейік, байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең – іріктеу кезеңі 2025 жылғы 29 наурызға дейін онлайн форматта өткізіліп, қатысушылар өз жобаларын қашықтан қорғаған болатын.

 


Финалдық кезеңде қатысушылар өз жобаларын офлайн форматта қорғап, білікті әділ қазылар алқасының бағалауынан өтті. Қазылар құрамында кәсіпорын жетекшілері, инвесторлар, тәжірибелі сарапшылар мен жоғары оқу орындарының оқытушылары болды. Олар жобалардың инновациялық мазмұнына, практикалық құндылығына және жүзеге асыру мүмкіндігіне баса назар аударды.

 


Байқау нәтижесінде «Әлеуметтік және IT жобалар» бағыты бойынша жүлделі орындарға Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Mycelium» командасы (3 орын), Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің «AutoConnect» командасы (2 орын), және Торайғыров университетінен келген «MindCare» командасы (1 орын) ие болды. Ал «Өндіріс пен қызмет көрсету» бағыты бойынша 3 орынға зергерлік бұйым жобасымен №5 мектеп-гимназиясы, 2 орынға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «BeeInnovate» командасы, ал 1 орынға Жансүгіров атындағы Жетісу университетінен келген «Osim AGRO» командасы лайық деп танылды.

 


Байқау барысында қатысушылар өз жобаларын кәсіби деңгейде қорғап, тәжірибелі сарапшылар мен инвесторлардың алдында таныстырды. Әділ-қазылар алқасы құрамында болған бірқатар кәсіпорын өкілдері жеңімпаз жобаларға алдағы уақытта нақты инвестиция құюға дайын екендіктерін білдірді.

 


Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.