Ашық есік күні өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен талапкерлерге арналған Ашық есік күні өтті!
Әкімшілік ғимараттың конференция залында өткен шараға Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы алғы сөз сөйлеп, білім алушыларға болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығы туралы айтты. Сонымен қатар, Жамбыл ауданы, Бірлесу-Еңбек ауылы, Бірлесу – Еңбек орта мектебінің директоры Е.С.Ашировпен келісім-шарт жаңартылып, меморандумға қол қойылды.
Шара барысында оқушыларға білім беру бағдарламалары, оқу үрдісі, студенттік өмір мен болашақ мамандық мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат берілді. Қатысушылар университет қабырғасындағы өмірмен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Ашық әрі достық форматта өткен кездесу болашақ студенттердің кәсіби бағытын айқындауға септігін тигізді.