COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі

Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі

 

Ағымдағы жылдың сәуір айының 10 күні “Жалпы педагогика” кафедрасына қарасты 6В01301 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен Тараз қаласы Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында дуалды оқыту бойынша “Дидактикалық материалдарды пайдалану әдістемесі” пәнінен ашық сабақты ассистент Сыпатаева Н.С. жоғары деңгейде өткізді. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., академиялық саясат басқармасының басшысы Акимова Д.К., дуалды оқыту секторының жетекшісі Дуралиева Б.Ж., сеньор-лектор, Фатихова Н.А. қатысты.
Мақсаты: Сөз таптарын меңгертуде көрнекіліктерді қолдана отырып, оқушылардың грамматикалық білімін тереңдету, сөздерді мағынасына қарай ажырата білуге дағдыландыру және олардың тілдік қорын молайту.

 


Міндеттері:
1. Оқушыларға сөз таптарының түрлерін (зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, еліктеу сөз, одағай) түсіндіру және ажырата білуге үйрету.
2. Көрнекіліктер арқылы сөз таптарының мағынасы мен қызметін нақты мысалдармен көрсету.
3. Оқушылардың есте сақтау, салыстыру және талдау қабілеттерін дамыту.
4. Сабақта қызығушылықты арттыру, шығармашылыққа баулу.
5. Сөз таптарын күнделікті өмірде, сөйлеуде дұрыс қолдануға бағыттау.