Жамбыл облысы бойынша «AITU KazRoboDrone 2.0» дронрейсинг конкурсының іріктеу кезеңі өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «AITU KazRoboDrone 2.0» симуляторында өтетін халықаралық дронрейсинг конкурсының Жамбыл облысы бойынша іріктеу кезеңі ұйымдастырылды.
Байқаудың басты мақсаты – Қазақстанда ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар мен пилоттық технологияларды дамыту, цифрлық салада білім алушылардың кәсіби өсуіне жол ашу, дарынды жастар мен оқытушыларды қолдау.
Конкурсты университеттің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы ұйымдастырды. Іріктеу кезеңіне жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары мен оқытушылар белсене қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.
Нәтижесінде, келесі қатысушылар республикалық финалға жолдама алды:
Шерхан университеті:
– Бекжан Шайхназар
– Құрманбек Нұрсейіт
А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы:
– Өтеулі Нұржас
– Ким Руслан
Педагогтар санатынан:
– Әбдіғаппар Қыдырбек (Шерхан Мұртаза атындағы ХТУ)
– Данченко Юрий (Тараз сервис және технология колледжі)
Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары 2025 жылдың 20 маусымында Астана қаласында өтетін республикалық финалда халықаралық қатысушылармен бірге бақ сынайды.
Байқау – студенттер мен оқушыларға технологиялық білімдерін жетілдіруге, жаңа белестерге қадам басуға үлкен мүмкіндік. Университетіміздің талантты жастарына сәттілік тілейміз!