COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / “Оқу-таныстыру” және “Педагогикалық” практикасына кету конференциясы

“Оқу-таныстыру” және “Педагогикалық” практикасына кету конференциясы

 

2025 жылдың 3 сәуірінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университеті, “Педагогика” факультетінің “Жалпы педагогика” кафедрасының ұйымдастыруымен 6В01101 “Педагогика және психология”, 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері үшін “Оқу-таныстыру” және “Педагогикалық” практикасына кету конференциясы өткізілді. 

Бұл конференция студенттердің кәсіби жолындағы алғашқы қадамдарын нықтай түсіп, білім алып жүрген саладағы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға арналған маңызды кезең екенін атап өттік. Конференция барысында студенттер университет бұйрығымен танысып, қауіпсіздік ережесіне қол қойып, практика барысында сақталатын тәртіпті әрі ережелерді қатаң ұстануға міндеттелді. 

Сонымен қатар, барлық студенттерге практикалық іс-шараларға арналған бағдарлама ұсынылып, мектептер мен балабақшалармен таныстырылды. Конференция барысында күнделік толтыру мен қажетті құжаттарды жинау бойынша түсіндірмелік жұмыстар жүргізіліп, студенттерге практиканың негізгі талаптары мен міндеттері туралы кеңестер берілді. 

Конференцияға кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., сеньор-лектор Фатикова Н.А., ассистенттер Пірәлі Ф.Е., Рзатай А.Қ., Момбекова С.Б., Сарсебаева З.Б. қатысты. Барлық қатысушылар студенттерге педагогикалық практика барысында сәттілік тілеп, олардың білім мен тәжірибеге деген құштарлығын арттыра түсетін маңызды дағдыларды игерулеріне сенім білдірді.