COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Педагогикалық практикасына кету конференциясы

Педагогикалық практикасына кету конференциясы

 

04.04.2025 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Университетінің “Педагогика” факультетінің “Жалпы педагогика” кафедрасы ұйымдастырған “Педагогикалық практикасына кету конференциясы» өткізілді. Конференцияға 6В01101 “Педагогика және психология”, 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу”, 6В01301 “Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі”* білім беру бағдарламаларының 4 курс студенттері қатысты. Студенттер білім мекемелерінде өткізген практикалық сабақтар мен тәрбие сағаттарынан үлкен әсер алып, оларды сәтті қорғап, жоғары деңгейде аяқтады. Барлық қатысушылар практиканың бағдарламасына сай белсенді жұмыс жасап, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарын өткізу арқылы өздерінің кәсіби дағдыларын көрсетті.

 


Конференцияға кафедра меңгерушісі Елубаева Р.С., академиялық жұмыстары жөніндегі проректор Қадырова А.С., академиялық саясат басқармасының басшысы Акимова Д.К., Педагогика факультетінің деканы Нурбеков Т.Б., түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік практика секторының жетекшісі Сексенбаева Ж.М., “Шетел тілінің меңгерушісі” Рысалдиев Ж.М., сеньор-лекторлар Фатикова Н.А., Ажибаева Р.Е., Абаева А.К. қатысты. Барлық қатысушылар студенттерге үлкен сенім артып, олардың болашақтағы жетістіктеріне тілектестік білдірді.