COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «Үкілі ару» байқауының алғашқы кезеңі өтті

«Үкілі ару» байқауының алғашқы кезеңі өтті

 

Бүгін облыстық «Үкілі ару» сұлулық байқауының алғашқы кезеңі өтті. Жыл сайынғы сұлулық байқауы биыл 10-шы рет өткізіліп отыр.


Іс-шараның мақсаты - студенттердің бойында қазақ қызына тән мінез-құлықты, нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты үялатып, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, дарынды жастарға қолдау көрсету.

 


Дәстүрлі байқауға биыл қала мен аудандардан 13 қыз бақ сынауда. Сайыс 2 күнге жалғасады. Бүгін байқаудың алғашқы кезеңі өтіп, аруларымыз «Қазақ дастарханы» аспаздық сайысында өз өнерлерін көрсетті. Ереже бойынша, қыздар белгіленген уақытта қамыр илеп, оны жаю керек болған. Аталған тапсырманы барлық арулар өз деңгейінде орындап шықты. Әділ-қазілар алқасы, әр қатысушының жайған қамырына баға беріп, тиісті ұпайларын берді.

 


Енді, ертең, яғни 13.03.25 күні, сағат 12.00-де қалалық мәдениет үйінде байқаудың екінші кезеңі өтеді. Онда, 13 қатысушы қызымыз «Мен қазақтың қызымын...»(сәлемдесу рәсімі – үміткердің өзін таныстыруы), «Қыз – еркем, өнерімен көркем» (өнер сайысы – тек қазақ өнеріне қатысты: ән айту, ұлттық аспаптарда ойнау, би билеу, қол өнері, монолог оқу және т.б), «Қыз сұлу көрінеді білімімен...» (танымдық сайысы – қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпына,әдебиеті мен тарихына байланысты және ситуациялық сұрақтарға жауап беру), «Білектей арқасында өрген бұрым...» (шаш өру сайысы), кезеңдері бойынша сайысқа түседі. Байқау қорытындысы алдағы уақытта жарияланады.