COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Кітап – сарқылмас қазына: ХТУ кітапханасына 1000 кітап сыйға тартылды

Кітап – сарқылмас қазына: ХТУ кітапханасына 1000 кітап сыйға тартылды

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Ақпараттық-кітапханалық орталығында «#Кітапханаға кітап сыйлаймын» атты акция өтті. Бұл шараның басты мақсаты – кітап мәртебесін көтеру, жастар арасында кітап оқуды насихаттау және білім қорының жаңартылуына үлес қосу.


1000 кітап – жастарға тарту
Акция аясында кітапханаға 1000 дана кітап сыйға тартылды. Бұл игі іске Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, университеттің ректор кеңесшісі, профессор, тарих ғылымдарының докторы Асқар Бегаділұлы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын «Ресей империясының қазақ даласы мен Түркістан өлкесіне әскери жорықтарының логистикасы: қазақ қоғамына әсері мен салдары» тақырыбындағы ғылыми жоба жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор ассистенті Сейілхан Тоқболат қолдау көрсетті.
Сыйға тартылған кітаптардың ішінде 2019 жылдан бастап жарық көрген қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми, тарихи, социологиялық әдебиеттер бар. Бұл әдебиеттер студенттер мен оқытушыларға ғылыми-зерттеу жұмыстары мен білім алу барысында үлкен көмек болмақ.

 


Кітап оқуды насихаттау – маңызды міндет
Іс-шара барысында университет ректоры Махметғали Сарыбеков, ректор кеңесшісі Асқар Бегаділұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор ассистенті Сейілхан Тоқболат сөз сөйлеп, қоғамда кітап оқу мәдениетін дамыту, ұлттық және әлемдік әдебиетке деген қызығушылықты арттыру қажеттігін атап өтті.
– Білім мен ғылымды дамыту үшін кітап оқу мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Жастар кітапты тек білім көзі ретінде ғана емес, рухани даму құралы ретінде де қабылдауы тиіс. Осындай игі шаралар университетімізде дәстүрге айналып келеді, – деді университет ректоры Махметғали Сарыбеков.


Кітапхана – білімнің алтын қоры
Университет кітапханасы – білім ізденушілерге арналған рухани орда. «#Кітапханаға кітап сыйлаймын» акциясы аясында кітапхана қоры заманауи әдебиеттермен толықтырылып, оқырмандардың сұранысын қанағаттандыруға жаңа мүмкіндіктер ашылды.
Осындай игі бастамалар жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, болашақ білімді ұрпақ қалыптастыруға өз үлесін қосары сөзсіз.