COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Отбасы құндылығы сарқылмас қазына

14.09.2023ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Экономика және бизнес» факультетінің ұйымдастыруымен «ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ САРҚЫЛМАС ҚАЗЫНА» атты дөңгелек стол өткізілді.

Аталған іс-шараға арнайы:

- Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық институтының ректор кеңесшісі Абдуалы Асқар Бегадилович;
- Облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған облыстық аналар алқасының төраға Оспанова Хадиша;
- Жамбыл облысының құрметті ардагері Исламбек Райымбайұлы, студенттер мен оқытушылар құрамы қатысты.

Іс-шара барысында Отбасының қоғамдағы мақсаты - баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру сұрақтары қозғалды. Сондай-ақ отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата-ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббатты, сүйіспеншілігі, адамгершілігі, қайырымдылығы, әділдігі, ұйымшылдығы, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі аталып өтті.