Сармолдаев атындағы балалар үйі
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сармолдаев атындағы балалар үйіне өмірлік қиын жағдайға түскен бүлдіршіндерді құттықтау мақсатында «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Шетел тілдері» кафедраларының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті.
Балаларды қолдауымен мерекеге орай сыйлықтар табысталды. Өз кезегінде балалар ән айтып, би билеп өнерлерін ортаға салды. Орталықтың түлектері арнайы тілектерін айтып, балалар өз алғыстарын білдірді.



09 Маусым 2023
1292