Оқу-танысу тәжірибесі
10.04-14.04.2023ж. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты. “Жаратылыстану мамандықтар” кафедрасы “Химия" білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Айгүл Амалбекқызының жетекшілігімен Химия-22-1,2 тобы студенттері практикалық жұмыстарға белсенді қатысты. «Қазфосфат» ЖШС. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты. Жамбыл облысындағы филиалында өндірістегі оқу-танысу тәжірибесінен өтуде және студенттердің болашақ мамандықтарына байланысты қызықты көптеген ақпараттармен танысуда.
«Казфосфат» ЖШС. Жаңа Жамбыл фосфор зауыты қызметкерлері өз білімдерімен бөлісіп студенттеріміздің білімін толықтыруда. Зертханалық жұмыстармен танысуда.






11 Сәуір 2023
1349