Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде білім алатын шетелдік студенттердің назарына!
2026 жылғы 18 қыркүйек күні сағат 15:00-де Жамбыл облысы полиция Департаменті Көші-қон қызметі Басқармасы өкілдерінің шетелдік студенттермен ақпараттық кездесуі өтеді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасында шетелдік азаматтардың болуы, көші-қон заңнамасының талаптарын сақтау, тіркеу және көші-қон рәсімдеріне қатысты маңызды мәселелер түсіндіріледі.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.
Күні: 18 қыркүйек 2026 жыл
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Желтоқсан көшесі 69бБ Акт залы (3-қабат)
Барлық шетелдік студенттердің қатысуы міндетті.
Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы

15 Қыркүйек 2026
24